Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда президентке тіл тигізгендер енді заңмен жазалантын болды

Опубликовано:

Шавкат Мирзиёев
Шавкат Мирзиёев. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Өзбекстанда ел президентіне тіл тигізген немесе оған жалап жапқан адам енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп хабарлайды Nuz.uz.

Қылмыстық кодекске енгізілген толықтыруға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзі қол қойған.

"Телекоммуникациялық желілерді немесе интернетті қолданып, Өзбекстан президентін қоғам алдында қорлағандар немесе жала жапқандар үшін 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына тарту немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұрын баспасөзді немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, президентті қоғам алдында қорлағаны немесе жала жапқаны үшін жауапкершілікке тарту көзделген болатын", – деп жазады портал.

Сонымен қатар Sputnik Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетті пайдалана отырып, тәртіпсіздіктерге шақыратындар да қылмыстық жазаға тартылатынын хабарлады.

Бұл үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.

Бұған дейін Өзбекстан сенаты аталған өзгерістер мен түзетулердің қабылдануы қоғамдық тәртіпсіздіктер мен азаматтарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақыруды жоюға және алдын-алуға, сондай-ақ азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заң талаптарын орындамауға немесе бұзуға үндеуді жоюға септігін тиігізетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905606-ozbekstanda-prezidentke-til-tigizgender-endi-zanmen-zazalantyn-boldy/

pixel