Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орынды босатыңдар": Тоқаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығына шүйлікті

Опубликовано:

"СК-Фармация"
Фото: sk-pharmacy.kz

Мемлекет басшысы коронавирустың таралу жағдайы бойынша өткен отырыс барысында "СҚ-Фармация" басшылығын орнынан алып тастайтынын айтып, қатаң ескерту жасады. Президенттің сөзі Ақорданың "Твиттерінде" жарияланды.

“Жекелеген аймақтарда сатып алынған қорғаныш заттарының жетіспеушілігі мен сапасыздығы байқалады. Біз "СҚ-Фрамацияның" басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару қабілетін көрсететін мүмкіндік туып отыр. Егер оны істей алмасаңдар, орынды босатыңдар", – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, "СҚ-Фармация" турасындағы дау өткен жаздың ортасында әлеуметтік желіде қазақстандық дәріханалардың Катардан гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі-дәрмекті сатып жатқаны туралы шудан кейін белең алды.

Кейін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында компанияның қызметін сынға алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ұйымның жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды. Сол күні Берік Шәріп қызметінен босатылып, 12 шілдеде оның орнына Ерхат Есқалиев тағайындалды.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзінің қызметке тағайындалуы туралы пікір білдіріп, бұрынғы басшылықтың жұмысы үшін кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905820-oryndy-bosatyndar-toqaev-sk-farmaciyanyn-zana-bassylygyna-suilikti/

pixel