Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді жақсы сезінемін": Министр Мусин коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Опубликовано:

Бағдат Мусин вакцина салдырды
Фото: Facebook/BagdatMussin

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин апта басында коронавирусқа қарсы екпе салдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі министрдің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіге коронавирусқа қарсы екпе салдыру барысында түскен фотосын жариялады. Ведомство басшысының сөзінше ол екпені апта басында салдырған. Министр қазір денсаулығының жақсы екенін жазды.

"Апта басында вакцина қабылдадым. Өзімді жақсы сезінемін. Фотоны өңдеп қайта жүктеп отырмын", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстанда бірінші ақпанда халықты ерікті түрде вакцинация салдыру науқаны басталды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қазақстандық вакцинаны салдырту үшін күтіп жүргенін жазған болатынбыз. Ол Qaz Covid-in вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдыратынын мәлім етті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев вирустың күшеюіне байланысты бейсенбі күні үкімет мүшелері және аймақ әкімдерімен өткізген жиында елде вакцинациялаудың баяу жүріп жатқанын сынап, сала басшылығына қатаң ескерту жасады.

Мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына қатысты өткен жиында COVID-19-ға қарсы вакцинаны мемлекетке жеткізу үшін өзге ел президенттерімен өзі жеке келіссөз жүргізетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905924-ozimdi-zaqsy-sezinemin-ministr-musin-koronavirusqa-qarsy-ekpe-saldyrdy/

pixel