Досаев президентке тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарды айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерболат Досаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерболат Досаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңестің бейне нұсқасы жарияланды.

Видеоны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды вакцина салдыруға шақырған.

"Бұл өзіңізді, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызды қорғау үшін қажет. Әрі-беріден соң, бұл біздің азаматтық парызымыз", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905983-dosaev-prezidentke-turgyn-ui-sayasatyn-reformalauga-qatysty-usynystardy-aitty/