RU

Тоқаев "Самұрық-Қазынаның" жаңа басшысына бірқатар тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың жұмысы жайында есеп берілген.

Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалған.

Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына "жасыл экономиканы" дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтқан.

Кездесу соңында президент "Самұрық-Қазына" қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, Алмасадам Сәтқалиев аталмыш қызметке 29 наурыз күні тағайындалды.

Бұған дейін қорды Ахметжан Есімов басқарған болатын. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Есімовке қордағы атқарған жемісті қызметі үшін алғысын білдірген еді.

Айта кетейік, президент бүгін Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты да қабылдап, оған бірқатар тапсырма берді.

Досаев мемлекет басшысына Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906073-toqaev-samuryq-qazynanyn-zana-bassysyna-birqatar-tapsyrma-berdi/