jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзімді мүлде жаңа нәрседе сынап көргім келеді": Байқоңыр прокуроры қызметінен кетті

    Нұржан Рахметов
    Нұржан Рахметов. Фото: Facebook.com / Nurzhan Rakhmetov

    Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов қызметінен кетті. Айтуынша, ол тек қызметінен ғана емес, жалпы прокуратура жүйесінен де кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Нұржан Рахметов қызметінен өз еркімен кеткенін Facebook парақшасында жазған.

    "Бұл менің саналы түрде жасаған қадамым. Мен мұндай шешімге ұйқысыз түндер мен ұзақ ойлардан кейін келдім. Бұл шешімді қабылдау мен үшін ауыр болды. Дегенмен әрі қарай жылжыудың уақыты келді, өзімді мүлде жаңа нәрседе сынап көргім келеді. Мен өз таңдауымды жасадым", - дейді ол.

    Жазба астына пікір жазған әріптестері мен таныстары Нұржан Рахметовке қолдау білдіріп, оны тәжірибелі әрі өз ісінің нағыз маманы деп атаған.

    Айта кетейік, Нұржан Рахметов 1983 жылы 9 мамыр күні Павлодар қаласында өмірге келген. "Тұран-Астана" университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша және Лев Гумилев атындағы Еурзия ұлттық университетін "қаржы" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 2006 жылы аудандық прокурордың көмекшісі болып бастаған. Содан бері прокуратура жүйесінде әртүрлі қызмет атқарған.

    Ал Байқоңыр прокуроры болып 2019 жылдың мамыр айында тағайындалған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызметінен кеткен еді. Енді ол премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратын болады.

    Одан бөлек, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев та қызметінен кеткен болатын.

    "Өзімді мүлде жаңа нәрседе сынап көргім келеді": Байқоңыр прокуроры қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.