Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ақан Рахметуллин
Ақан Рахметуллин. Фото: Қазақстанның Пәкстандағы елшілігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинді сыртқы істер вице-министрі етіп тағайындады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Алма-Ата энергетикалық институтын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы келесідей:

1993 - 1994 жж. – ҚР СІМ консулдық бөлімінің көмекшісі, атташесі;

1994 - 1996 жж. – Пәкстандағы Қазақстан елшілігінің үшінші хатшысы;

1996 - 1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бас консулдық департаментінің үшінші, екінші хатшысы;

1999 - 2002 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің кеңесшісі;

2002 - 2004 жж. – Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;

2004 - 2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директордың орынбасары;

2007 - 2011 жж. – Қазақстанның Венадағы ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары, кеңесшісі;

2011 - 2015 жж. – Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары;

2015 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019 жылдың 28 маусымынан 2021 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906343-qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrinin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel