RU

Путин өзіне қайтадан президенттік сайлауға түсуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Владимир Путин өзіне тағы екі мәрте президенттік сайлауға түсуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Заңда бұдан басқа да түзетулер бар деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл заңның авторлары - депутаттар Павел Крашенинников пен Ольга Савастьянова, сондай-ақ сенатор Андрей Клишас.

Құжат Конституцияның президенттің өкілеттігін екі мерзіммен шектейтін ережесі қарастырылған. Енді ол түзету күшіне енген кезде қызметінде болған президентке қолданылмайды.

Сонымен бірге "Ресей президентін сайлау туралы" заңда бұл қызметке 35 жастан жоғары, бұған дейін елде кем дегенде 25 жыл тұрған, ешқашан өзге елдің азаматтығы мен басқа елде тұруға ықтиярхаты болмаған Ресей азаматтары сайлана алатыны көрсетілген. Сондай-ақ бұл бұрын басқа мемлекеттің азаматтары болған кандидаттарға, атап айтқанда сол мемлекет (немесе оның бір бөлігі) Ресей құрамына кірсе, онда бұл азаматтарға ерекшелік қарастырылған.

Одан бөлек, заңда Орталық сайлау комиссиясының басшысы 30 жасқа толған Ресей азаматы ғана бола алатыны көрсетілген.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда ел президентіне тіл тигізген немесе оған жалап жапқан адам енді қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы жазған едік. Қылмыстық кодекске енгізілген толықтыруға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзі қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906414-putin-ozine-qaitadan-prezidenttik-sailauga-tusuge-mumkindik-beretin-zanga-qol-qoidy/