Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Істің адамы": Берік Уәли президенттің отандық телеарналарға сұхбат бермеуінің себебін айтты

Опубликовано:

Берік Уәли
Фото: aigak.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық БАҚ-қа сұхбат бермеуінің себебін түсіндірді. Берік Уәли мемлекет басшысының телеарнаға сұхбат бермесе де, бірқатар мерзімді баспасөзге мақаласы шыққанын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі 24 kz телеарнасына сілтеме жасап.

24 kz телеарнасының журналисті президенттің баспасөз хатшысынан мемлекет басшысының не үшін отандық БАҚ-қа сұхбат бермей жүргенін сұрады. Берік Уәли бұл сауалмен келіспейтінін айтты.

"Мен (президенттің - ред.) отандық БАҚ-қа сұхбат беруге келіспейді деген сөзбен келіспеймін, өйткені мемлекет басшысы өздеріңіз білетіндей, "Ана тілі" газетіне, "Егемен Қазақстан" газетіне, тағы да басқа отандық мерзімді басылымдарға сұхбат беріп жүр. Ал енді телеарнаға дейтін болсақ, ол басқа. Мемлекет басшысын көп адамдар сұхбатқа келген кезде дұрыс түсінбей жатады. Президент көп сөйлеп, сұхбат беріп, осындай пікір алмасқаннан гөрі.. негізі, біздің президент істің адамы десек болады. Көп жағдайда сөзден гөрі іске ден қойып, тапсырмалар беріп, оның орындалуын қадағалап жатады. Ал телеарнаға келетін болсақ, жалпы ойда бар, алдағы уақытта бұйырса (сұхбат - ред.) береді. Халық көбінесе салыстырмалы түрде қарайды ғой. Мысалы өзіміздің шығыстағы көршіміз Қытайдың компартия төрағасы Си Цзиньпинь мырза былтыр COVID өршіп, ошағы сол Қытайдан пайда болған кезде халықтың алдына екі-ақ рет шыққан шығар. Бір жылдың ішінде. Ешбір Қытай азаматы Си Цзиньпинь апта сайын сұхбатқа шықпады деген мәселені көтергенін көрген жоқпыз. Өзінің ресми жауабын халықтың алдына шығып, қалай күресіп жатқандығын, Қытайдың позициясын айтты, болды. Ал қайта-қайта жылтыңдап сұхбат беріп, журналистер алдына шыққанын көрген жоқпыз.

Көп жағдайда бізді батыспен салыстырады, Ресеймен салыстырады, Еуропа елдерінің басшыларымен салыстырады. "Олар сұхбат беріп жатыр, бізде неге бермейді деген" бар. Өзіміз тәуелсіз ел, өз алдына жеке мемлекетпіз. Бұл менің баспаөз хатшысы ретінде жеке ойым , мемлекет басшысы сол сұхбат бергеннен гөрі өзінің жасалып жатқан жұмыстарын, әр салалық басшылардан, облыстардағы әкімдерден, минстрліктерден, агенттік басшыларынан көбірек талап етуі керек деп ойлаймын. Әр нәрсеге президентті араластыра берсек, не болады? Президенттің басқа да жұмыстары бар. Есесіне осы жоғарыда айтып өткен азаматтардың атқарып жатқан жұмысын қадағаласа, халыққа да көбірек тиімді болады. Әйтпесе бәрін президент өзі істейтін болса, әкімдер, министрлер, агенттік төрағаларына не жұмыс қалады деген заңды сұрақ туындайды", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906540-istin-adamy-berik-uali-prezidenttin-otandyq-telearnalarga-suxbat-bermeuinin-sebebin-aitty/

pixel