Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Ғанибек Қазантаев
Ғанибек Қазантаев. Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kz

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласы әкімдігінде өткен актив жиынында шаһардың жаңа басшысын таныстырды деп хабарлайды облыстық әкімдік Facebook парақшасында.

"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғанибек Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "мұнай және газ кеніштерін игеру" мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш аудандық 9-шы жылжымалы механизацияланған колоннаның мастері ретінде бастаған.

1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс ұйымдарында мастер, аға жұмыс өндіруші, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, 3-ші ауданаралық мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннаның бас инженері болған.

1992-2013 жылдары "Нефтегазстрой Кызылорда" корпорациясының президенті, "Ай-Дан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, "ССК "Ақмешіт" акционерлік қоғамының президенті, "Ай-Дан Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, "Сырдариямұнай" акционерлік қоғамының бас директоры, "Транснефтьсервис" БК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, "Kazpetrol Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.

2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа қызметіне дейін энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906953-qyzylorda-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel