Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш бірдей екпе алуға тура келді": Білім министрі коронавирусқа қарсы вакцина туралы

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте вакцинацияға қатысты өз ұстанымын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны өткен жылы да салдырғанын айтқан Аймағамбетов екпені жыл сайын алып тұратынын жасырмады.

"Мәселен, былтыр үш бірдей вакцина алуға тура келді. Біреуі коронавирусқа қарсы отандық "QazVac" екпесі, одан кейін тұмау мен пневмококке қарсы екі вакцина салдырдым", - деді министр.

Ол вакцинаны адамзаттың үлкен өнертабысы деп ойлайтынын, сондықтан барлық адамдарды ғылымға және вакциналарға сенуге шақыратынын жеткізді.

Сонымен қатар, Аймағамбетов отбасы мүшелерінің вакцина салдыруына қатысты да өз ойын білдіруді ұмытқан жоқ.

"Олар міндеті түрде вакцина алады деп ойлаймын. Қазіргі уақытта басқа адамдар сияқты өз кезегін күтіп отыр. Уақыты келгенде шақырады. Сол кезде олар да кезек бойынша барып, коронавирусқа қарсы вакцина алады", – деді білім және ғылым министрі.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталған. Бас кезінде індетті жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіретін адамдар – медицина қызметкерлері мен полицейлерге және тағы басқа мамандарға салынды. Қазіргі кезде барлығына бірдей вакцина салу шаралары жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 6 сәуір күні Берік Уәли мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын хабарлады. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті "Спутник V"вакцинасын салдырғанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906958-us-birdei-ekpe-aluga-tura-keldi-bilim-ministri-koronavirusqa-qarsy-vakcina-turaly/

pixel