Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Сауранбаев "Қазақстан темір жолына" басшы болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Сауранбаев
Нұрлан Сауранбаев. Фото: primeminister.kz

Нұрлан Сауранбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалады.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған.

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.

1997-1998 жылдары — Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

1998-2000 жылдары — "Қазақстан темір жолы" РМК департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары — "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ-ның бірінші вице-президенті, бас менеджері, қайта құру жобасын басқару тобының жетекшісі.

2002-2004 жылдары — "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

2004-2007 жылдары — "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры.

2007-2020 жылдары — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2010-2011 жылдары — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры.

2011-2014 жылдары — индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014-2016 жылдары — қорғаныс министрінің орынбасары.

2016-2017 жылдары — ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.

2017-2018 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906999-nurlan-sauranbaev-qazaqstan-temir-zolyna-bassy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel