Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген, заңгер.

2008-2010 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары, 2010-2016 жылдары- Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі лауазымдарын атқарды.

2016 жылдан бастап ҚР Президенті әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы, ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Сауранбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907160-aqordada-memlekettik-baqylau-boliminin-mengerusisi-tagaiyndaldy/

pixel