Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Жамбыл облысы әкімінің сайты

Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды өңір әкімінің ресми сайты.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеле келген, білімі жоғары.

Ол Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "саясаттану" мамандығы бойынша тәмәмдап, 2012 жылы бакалавр, 2014 жылы магистр дәрежесін алған, 2018 жылы PhD докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданы "Jas Otan" жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары әділет министрлігі сот сараптамасы орталығының инспекторы, "Jas Otan" жастар қанаты филиалының аппарат басшысы, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының менеджері, "Jas Otan" жастар қанаты хатшылығының ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің сарапшысы, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының хатшылық басшысы, атқарушы хатшысы, төрағасы болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының "Team Qazaqstan" жастар қанатын басқарған. 

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болған.

2021 жылдың қаңтарынан бастап жаңа қызметіне дейін "Nur Otan" партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, Дәулет Кәрібек президенттік жастар кадр резервінің құрамында, "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907666-zambyl-oblysy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel