Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әкімдерді сайлау үшін 17 миллиардтан астам теңге қажет

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров әкімдерді тікелей сайлаудың алғашқы кезеңіне 17,6 миллиард теңге қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы вице-министр мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде айтты.

Оның сөзінше, аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау жергілікті бюджеттен қаржыландырылмақ.

"Бірақ бюджет кодексінің жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті өтеу туралы нормаларын ескере отырып, алдағы 2 жылда, яғни 2021-2022 жылдары сайлаулар орталық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады. Ал 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджет шығындарының тізбесін қосылып, жалпы сипаттаға трансферттердің қатарына енгізіледі", - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Сонымен қатар министрдің орынбасары сайлау шығындарының көлеміне де тоқталып өтті.

Оның айтуынша, әкімдер сайлауын өткізуге шамамен 17,6 миллиард теңге керек. Соның ішінде биыл 4,8 миллиард теңге 800-ден астам әкімдік сайлауға бөлініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907717-qazaqstanda-akimderdi-sailau-usin-17-milliardtan-astam-tenge-qazet/

pixel