Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев,

  • Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдаған болатын.

Кездесуде Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттің 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады.

Сонымен қатар ол агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908641-memleket-bassysy-birnese-zanga-qol-qoidy/

pixel