Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Атырауды дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді

Опубликовано:

Панорама Атырау
Фото: rasul.serikov.00/instagram.com/akimat_atyrau

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірді дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді деп хабарлайды Ақорда.

"Атырау облысының жағдайы туралы барлық баяндамаларды тыңдадық. Аймақты дамытуға қатысты нақты мақсат-міндеттеріміз бар. Індеттен туындаған қиындыққа қарамастан, ел экономикасын қалпына келтіруге күш жұмылдыруымыз қажет. Қазір бүкіл әлем дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне қадам басты. Біз осы үрдістен қалып қоймауымыз керек. Сондықтан, мынадай міндеттерді шешуге баса мән берген жөн", - деді президент.

Бірінші - мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, екінші - автожолдарды дамыту, үшінші - жұмыспен қамту, төртінші -денсаулық сақтау жүйесін нығайту, бесінші - өңірді тұрақты энергиямен қамту, алтыншы - өңірді сумен қамтамасыз ету, жетіншісі – тұрғындардың денсаулығы және өмір сапасы өңірдегі экологиялық жағдайға байланысты.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуда Атырау облысының орны ерекше екенін, мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылғанын, ол жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалағанын айтты. Мұнайлы өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909222-prezident-atyraudy-damytuga-qatysty-7-mindetti-aiqyndap-berdi/

pixel