Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды деп хабарлайды Ақорда.

Бұл туралы мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.

Оның сөзінше, бесінші мәселе – өңірдің тұрақты энергиямен жабдықталуы.

"Бұл мәселені шешпей облыстың табысты дамуы мүмкін емес. Облыс электр энергиясымен сенімді және толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс. Әзірше, бұл бағытта проблемалар бар. Энергетика желісіндегі апаттық іркіліс Атырау мұнай өндіру зауытының тоқтауына алып келді. Өз кезегінде бұл жанар-жағармай нарығындағы ахуалдың нашарлауына себеп болды", - деді Тоқаев.

Президент өзінің тапсырмасымен еліміздің батыс облыстары арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту және оларды Қазақстанның бірыңғай электр жүйесімен біріктіру сызбасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

"Толықтай алғанда, Үкіметтен батыс өңірдің электр желісінің сенімді жұмыс істеуін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау талап етіледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909226-memleket-bassysy-elimizdin-batys-onirin-senimdi-elektr-zelisimen-qamtudy-tapsyrdy/

pixel