Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі өмірден өтті

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Бацула Александр Ефимович өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты қаржы министрлігінің баспасөз қызметі растап отыр.

"Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Бацула Александр Ефимович Алматы қаласында 96 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол ұзақ жылдар еліміздің қаржы саласын басқарған. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің ұжымы Бацула Александр Ефимовичтің отбасына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Қаралы хабарды режиссер Асхат Маемиров Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

Оның жазуынша, танымал актриса коронавирустан көз жұмған.

Кейінірек президент көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909702-qazaqstannyn-buryngy-qarzy-ministri-omirden-otti/

pixel