Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев бұрынғы қаржы министрінің қазасына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Elbay.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-ның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақ КСР-ның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Ол есепшіден Қазақ КСР-ның қаржы министріне дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарып, осы саланың дамуына сүбелі үлес қосты.

Мен оны республиканың Министрлер Кеңесінде бірге жұмыс істеген кезімізден жақсы білуші едім. Александр Ефимович жоғары кәсіби біліктілігімен, берік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін.

Александр Бацуланың жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Бацула Александр Ефимовичтің Алматы қаласында 96 жасқа қараған шағында өмірден өткенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909720-nazarbaev-buryngy-qarzy-ministrinin-qazasyna-bailanysty-konil-aitty/

pixel