Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы "Qazaq Republic" жобасының авторын қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерлан Қарин, Сәкен Жолдас
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaq Republic" жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сәкен Жолдас президентке "Qazaq Republic" брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндаған.

Сонымен қатар Сәкен Жолдас мемлекет басшысына отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы да айтты.

Сондай-ақ, әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909781-memleket-bassysy-qazaq-republic-zobasynyn-avtoryn-qabyldady/

pixel