Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Өскеменнің экс-әкімін министрліктен шығару туралы ұсыныс жасалды

Опубликовано:

Фото
Фото: yk-news.kz

Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тумабаев Nur Otan партиясынан шығарылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Артур Платонов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Nur Otan партиясының бақылау комитетінің төрағасы еске салғандай, жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында Қуат Тумабаев Сауда және интеграция министрлігінің экспортты жылжыту департаменті директоры қызметіне тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланған.

Артур Платонов бұл жағдай түсініксіз реакция тудырғанын жасырмады.

Себебі, Өскемен қаласының экс-әкімі 2018 жылы адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Оның сөзінше, 2018 жылы Қуат Тумабаев Риддер әкімі орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың көлігінде болған.

Жолда жоғары жылдамдықпен жүрген Құрманбаев 18 жастағы жігітті қағып кетеді. Ал осы мезетте Қуат Тумабаев тез арада оқиға орнынан таса болады.

Сотта әкімнің орынбасарын қанды оқиғаға кінәлі деп тауып, Тумабаев куәгер ретінде қатысқан.

Тәртіптік комиссияның шешімімен Тумабаевқа қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалған, ал "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов "оның мұндай жоғары лауазымды атқаруға моральдық құқығы жоқ" екенін атап өтті.

Осылайша, 2018 жылдың 13 тамызында Қуат Тумабаев Өскемен қаласының әкімі қызметінен босату туралы өтініш жазған. Мәжіліс депутаты осы оқиғадан кейін Тумабаевтың жаңа қызметке орналасуын саяси кодекске қарама-қайшы деп бағалады.

"Тумабаевты сауда және интеграция министрлігінің экспортты жылжыту департаментінің директоры лауазымына тағайындау туралы шешім Nur Otan партиясы мүшесінің саяси тұғырнамасының құндылықтары мен Әдеп кодексіне қайшы келеді. Осыған байланысты елордалық партиялық бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Қуат Тумабаев партияның беделін түсіргені үшін оның қатарынан шығарылды. Сауда және интеграция министрлігі басшылығының атына Қуат Тумабаевты осы ведомствоның экспортты жылжыту департаментінің директоры қызметінен босату туралы ұсыныспен хат жолданды", - деді Платонов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909955-basy-dauga-qalgan-oskemennin-eks-akimin-ministrlikten-sygaru-turaly-usynys-zasaldy/

pixel