Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілермен
Фото: Ақорда

Ақордада бірқатар мемлекеттің жаңадан сайланған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Уганда Республикасының елшісі Джонсон Агара Олва, Замбия Республикасының елшісі Шедрек Чингембу Лувита, Мальдивтер Республикасының елшісі Омар Абдул Раззак, Корей Халық Демократиялық Республикасының елшісі Хон Чхоль Син, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Жорж Камиль Адольф Фабер, Исландия Республикасының елшісі Аурни Тор Сигурдссон, Черногорияның елшісі Милорад Шчепанович сенім грамотасын табыстады.

Табыстау сәті
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарына табыс тіледі.

"Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. Біз халықаралық аренада "үлкен ойын" ойнауды емес, қайта сіздердің елдеріңізбен бірлесе отырып "үлкен нәтижеге" қол жеткізуді ойлаймыз. Болашақта әртүрлі салалар бойынша ықпалдастықты арттырамыз деп сенемін. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де тығыз қарым-қатынас орнатуға бейілді екенін жеткізерсіздер", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хон Чхоль Син
Фото: Ақорда

Салтанатты рәсім соңында Қазақстан президенті Уганда, Замбия, Мальдивтер, ҚХДР, Люксембург, Исландия және Черногория көшбасшыларына өзінің сәлемін жолдап, тілектестігін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909991-prezident-birqatar-eldin-elsilerinen-senim-gramotalaryn-qabyldady/

pixel