Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында президентке Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясын одан әрі дамыту жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірісті жаңғыртуға және экологиялық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға бағытталған жаңа инвестициялық бағдарламаны таныстырды.

Сонымен бірге, ауаға шығарылатын қалдықтарды 2024 жылға қарай 30 пайызға азайту және екінші ЖЭО-ны жаңғырту жөніндегі жоспар талқыланды.

Президент еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы өнеркәсіптік өнімнің түрлерін көбейтіп оның экспортын ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу керек екенін атап өтті.

Кездесу соңында мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясы өзі жұмыс істеп жатқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысуы қажет екенін, сонымен бірге денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салалары бойынша ең жоғары стандарттардың сақталуы маңызды екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910180-toqaev-arcelormittal-kompaniyasynyn-atqarusy-toragasyn-qabyldady/

pixel