Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары пандемиядан кейінгі кезеңде екіжақты экономикалық байланыстардың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ, бірлескен жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру қажет екенін айтты.

Осыған байланысты өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту, экспортталатын тауар түрлерін әртараптандыру, екі елдің бизнесі мен өңірлері арасындағы тікелей қатынастарды жолға қою үшін үкіметтердің ықпалдастығын жандандыруға дайындық мәселесі нақтыланды.

Сонымен қатар, ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жуық арада өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар COVID-19 пандемиясымен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде екі ел азаматтарын вакциналауға қатысты іс-қимылдар жайындағы ақпаратпен де алмасты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің биылғы мамырда өтетін отырысын ескере отырып, күн тәртібіндегі негізгі интеграциялық мәселелерді тағы да бір мәрте пысықтады.

Сөз соңында екі елдің көшбасшылары бір-бірін алдағы келе жатқан мамыр мерекелерімен құттықтап, Қазақстан мен Беларусь халықтарының берекелері артып, өсіп-өркендей беруіне шынайы тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910601-qazaqstan-men-belarus-prezidentteri-telefon-arqyly-soilesti/

pixel