Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жапаровпен бірге қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды талқылады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейінгі қалыптасқан жағдайды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына бауырлас ел азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан президенті мұндай шекаралық мәселелерді өзара түсіністік пен тату көршілік аясында тек қана бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өтті. Ол Душанбеде өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздерге табыс тіледі. Сонымен қатар мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Садыр Жапаров бауырлас Қазақстанның достық ниет танытқанына ризашылық білдіріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара ынтымақтастықтың барлық мәселелерін жедел шешу үшін тұрақты байланыста болатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері деп жариялады.

Айта кетсек, осыған дейін Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс болып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Қырғызстан шекара қызметі Тәжікстанның "Ходжа Аълло" шекара заставасын басып алғанын жариялады, ал Тәжікстан өз кезегінде Достук заставасына оқ жаудырды.

Кейінірек Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

"Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдадым. Қырғыз бен тәжік халықтары біздің бауырларымыз, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымыз ортақ", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910698-toqaev-zaparovpen-birge-qyrgyz-tazik-sekarasyndagy-zagdaidy-talqylady/

pixel