Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ хаттамаға қол қойды

Опубликовано:

Келісім
Фото: "Хабар 24" арнасы

Қырғызстан мен Тәжікстан арадағы шекараның ортақ учаскесін белгілеу үдерісін жандандыруға келісті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, тараптардың кездесуі Баткен облысында өткен.

Қырғыз делегациясын Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев басқарған. Ал Тәжікстан тарапынан оның әріптесі Саймумин Ятимов қатысты. Делегация басшылары жанжалды бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтады. Осы отырыста тараптар ортақ хаттамаға қол қойды.

Алайда оның мазмұнына қатысты мәлімет жоқ. Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында су тарату бекетінде қарулы қақтығыс басталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс болып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Қырғызстан шекара қызметі Тәжікстанның "Ходжа Аълло" шекара заставасын басып алғанын жариялады, ал Тәжікстан өз кезегінде Достук заставасына оқ жаудырды.

Айта кеткен жөн, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері деп жариялаған болатын.

Сонымен қатар, дипломаттар қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселені шешуге тырысып жатқан кезде 1 мамыр күні Бішкектегі үкімет ғимаратының алдында митинг өтті. Оған 500 шақты адам жиналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910765-qyrgyzstan-men-tazikstan-okilderi-ortaq-xattamaga-qol-qoidy/

pixel