Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болды

Жарияланған күні:

Алмаз Ибрагимов
Фото: sputnik.kz / Павлодар облысының мәслихаты

Қазақстандық кәсіпкер Алмаз Ибрагимов Қырғызстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Сәйкесінше бұйрық Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

"Ибрагимов Алмаз Турдуметұлы Қырғыз Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген сайтта.

Сонымен қатар Ибрагимовтің Қырғыз КСР-нің Ыстықкөл облысында дүниеге келгені, алайда мансабын Қазақстанда бастап, ірі өндірістік кәсіпорындардың топ-менеджері болып жұмыс істегені атап өтілген.

Сондай-ақ, оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Құрмет" және "Отан" ордендерімен, "Еңбек даңқы" төсбелгісінің үш дәрежесімен марапатталғаны, І, ІІІ дәрежелі "Барыс" орденінің иегері, Қазақстанның минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағына ие екені айтылған.

24.kg-тің жазуынша, Алмаз Ибрагимов 1948 жылы 26 мамырда дүниеге келген. Оның екі інісі және қарындасы бар.

Ибрагимовтің қарапайым отбасынан шыққаны да сөз етілген. Ол 13 жасынан бастап құрылыста жұмыс істеген. Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін болашақ кәсіпкер Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмәмдаған. Кейін Мәскеудің заманауи бизнес институтының дипломын алады.

Алғашында Ибрагимов слесарь, жабдықтау инженері, инженердің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал 1990 жылдары Алмаз Турдуметұлы Қазақстанға қоныс аударып, мансабы өрге жүзе бастайды. Мұнда ол Қаскелеңдегі "Полимер" зауытының директоры, Павлодар алюминий зауытының бірінші вице-президенті болады.

Сондай-ақ, "Қазақстан алюминийі" АҚ-ны басқарып, кейіннен Павлодардағы "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ президенті қызметін атқарады.

Басылым сонымен бірге, Ибрагимовтің Ресейдің Экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік академиясының коммерция докторы екенін де атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910840-qazaqstandyq-biznesmen-qyrgyzstan-prezidentinin-kenessisi-boldy/