Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қажетті көмек көрсетуге дайынбыз": Тоқаев Үндістан премьер-министріне жеделхат жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нарендра Моди
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нарендра Моди. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта президент Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген.

Сонымен қатар мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын өкінішпен атап өткен.

Президент індеттен қайтыс болған адамдардың отбасына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан үкіметі сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үндістаннан келген азаматтар ПТР-тестінің теріс нәтижесі мен вакцина салдырғанына қарамстан 14 күн үйде оқшауланатынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910938-qazetti-komek-korsetuge-daiynbyz-toqaev-undistan-premer-ministrine-zedelxat-zoldady/

pixel