Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысындағы 6 қала мен аудан әкімін бір уақытта ауыстырды

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірден алты қала мен ауданның жаңа басшыларын тағайындады.

Бұл туралы өңір басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгізідiм.
  • Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды.
  • Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды.

Жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндеттерді қойдым.

Әкімдерге жаңа қызметінде сәттілік тілеймін!", - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911089-arximed-muxambetov-qostanai-oblysyndagy-6-qala-men-audan-akimin-bir-uaqytta-auystyrdy/

pixel