Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Протоколының жаңа бастығы тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: twitter.com/Айдос Үкібай

Әділ Жанзақов жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Elbasy.kz.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Джанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген құжатта.

Бұған дейін Әділ Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Протоколы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетсек, Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылған болатын.

Оның орнына бас прокурордың орынбасары болған Марат Ахметжанов тағайындалды.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжановты қабылдаған болатын.

Кездесуде Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттің 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады.

Сонымен қатар ол агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911124-elbasy-protokolynyn-zana-bastygy-tagaiyndaldy/

pixel