Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар азаяды: Жапаров Қырғызстанның жаңа Конституциясына қол қойды

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: kabar.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік резиденцияда өткен ресми рәсімде жаңа Конституцияға қол қойды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова референдум қорытындысын оқып, содан кейін Конституцияға президент қол қойып, Қырғызстанның мемлекеттік гимні орындалған.

Жаңа Конституция жобасына сәйкес, президент атқарушы билікті басқарады, екі мерзімге сайлануға құқығы бар. Сондай-ақ заңдарға бастамашы болу құқығы мен басқа да өкілеттіктер берілген.

Ал Жогорку Кенеш бірнеше функциясынан айырылады. Депутаттар саны 120-дан 90-ға дейін қысқарады. Халық қалаулыларына арналған шекті жас мөлшері 21-ден 25-ке дейін ұлғайтылған.

Сонымен бірге үкіметте де айтарлықтай өзгерістер болмақ. Ол министрлер кабинетіне айналады, ал президент әкімшілікгінің басшысы үкіметтің төрағасы болады.

Жаңа Конституция жобасында Халықтық Құрылтай мен "Қырғызстан халқының қоғамдық санасына, моральдық-адамгершілік құндылықтарына қайшы келетін" іс-шараларды шектеуге мүмкіндік беретін нормалар енгізілмек.

Заң шығару бастамасы құқығының иелері тізімін президент, Халықтық Құрылтай, жоғарғы сот және бас прокурор толықтырады (соңғы екеуі - тек мамандандырылған мәселелер бойынша). Осы тізімде үкіметті министрлер кабинетінің төрағасы алмастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911143-deputattar-azayady-zaparov-qyrgyzstannyn-zana-konstituciyasyna-qol-qoidy/

pixel