Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевқа тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 4 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ, әлемдегі инфляцияның өсуі мен басқа да инфляциялық мәселелер туралы есеп берілді.

Сонымен бірге, президентке осы жылдың сәуір айында Қазақстандағы жылдық инфляция мен оның сұранысын қалпына келтіруге қатысты азық-түлікке жатпайтын бөлігіндегі үдеу қарқыны жайында баяндалды.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев мемлекет басшысына 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы төлем балансына берілген алдын ала баға туралы және биылғы 4 айдағы алтын валюта қорының ұлғаюы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, кездесуде президентке биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканы несиелендіру және депозиттер көлемінің өсімі жайлы мәлімет берілді, сондай-ақ, азаматтарды зейнетақы жинақтарының жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан қосымша шаралар сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911242-toqaev-ulttyq-banktin-toragasy-erbolat-dosaevqa-tapsyrma-berdi/

pixel