Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли Жеңіс күніне қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Жеңіс күніне орай өтетін салтанатты шаралар 2022 жылға ауыстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911584-prezidenttin-baspasoz-xatsysy-zenis-kunine-qatysty-qandai-sesim-qabyldanganyn-aitty/

pixel