Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

ТОқаев Путин
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа және биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Бұдан бөлек тараптар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі табысты жұмыстарын атап өтті. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жеңіс күніне орай өтетін салтанатты шаралар 2022 жылға ауыстырылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911603-qasym-zomart-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel