Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан мектебіндегі атыс: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

"Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні Ресейдің Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Салдарынан 7 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған. Одан бөлек, жарақат алған 6 бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин мектептегі атыс кезінде зардап шеккен балаларға барлық медициналық көмекті көрсетуге тапсырма бергені хабарланды. Қазанға психологтардан құралған төтенше жағдайлар министрлігінің борты жіберілген.

Сондай-ақ Путин атыс кезінде қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтқан.

Айта кетсек, атыс кезінде оқу ғимаратында болған екі оқушы іште не болғанын айтып берген еді.

Гимназияда оқитын Сабина есімді 15 жасар оқушы қыздың сөзінше, сабақ ортасында мұғалім сыныпқа кіріп, кабинетті жауып қойған.

"Ол мектепке қарулы адамның келгенін түсіндірді. Содан кейін директор келіп, кабинетті жауып, тыныш отыруымыз керек екенін айтты. Біз есікті жауып, сыныптың бұрышына отырдық. Балалар қатты қорықты", - дейді Сабина.

Қыздың сөзінше, 13-15 мәрте атылған оқтың даусы естілген. Содан кейін оқиға орнына келген полицейлер балаларды сыныптан шығара бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911971-qazan-mektebindegi-atys-qasym-zomart-toqaev-resei-prezidentine-konil-aitty/

pixel