RU

Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға жасаған сапары қалай өтті

Елбасы
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Үкібайдың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында түркі әлемінің астанасында бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандарды аралаған.

Сонымен қатар Елбасы Түркістан қаласындағы "Тұңғыш президент саябағын" абаттандыру жұмыстарымен танысып, Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан.

Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Музыкалық драма театрдың ашылу рәсіміне қатысып, "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барған. Театрда Елбасы "Шаңырақ" миниатюрасын тамашалады. Сондай-ақ, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда елбасы бейнеленген мурал пайда болғанын жазған едік.

Мурал Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында пайда болған.

Суретшілер Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін салып, forever young деп жазып қойған. Ол ағылшын тілінен аударғанда "мәңгі жас" деген мағынаны білдіреді.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мурал бір түннің ішінде пайда болған. Әзірге, бұл муралдың автордың кім екені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911973-nursultan-nazarbaev-turkistanga-bardy-foto-video/