RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді. Бұл туралы кеңестің ресми сайтында хабарланды.

"Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912094-qasym-zomart-toqaev-konstituciyalyq-keneske-zugindi/