RU

Бірқатар елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр деп хабарлайды Ақорда.

Құттықтау хаттарында олар Мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және табыс тілеп, ал, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон,
Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Иордания Королі ІІ Абдалла, Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Машаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа,
Иран Президенті Хасан Рухани, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Йемен Президенті Абд Раббо Мансұр Хади, Сингапур Президенті Халима Якоб, Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лун,
Сингапурдің Аға министрі - Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хин, сондай-ақ, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев және Иерусалим Патриархы III Феофил өздерінің құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912425-birqatar-eldin-bassylary-qasym-zomart-toqaevty-oraza-ait-merekesimen-quttyqtady/