RU

"Адамдар бақытты болады": Дональд Трамп маусым айында митинг өткізбек

Дональд Трамп
Фото: Alex Wong/Getty Images

Дональд Трамп келесі айда митинг бастамақ. Әзірге шерудің нақты өтетін орны мен датасы жарияланбаған деп хабарлайды The New York Post.

АҚШ-тың бұрынғы президенті екі бірдей іс-шара өткізу үшін орын таңдап жатыр. Үшінші митинг 4 шілдедегі мерекеге байланысты болады деп күтілуде.

Бұған дейін бұрынғы президент 2024 жылы болатын сайлауалды науқанқа қатысатын ойы бар-жоқ екенін айтпаған болатын. Дегенмен ол өткен аптада қажет кезінде мәлімдеме жасайтын уақытты асыға күтіп жүргенін айтты.

"Мен керек кезінде мәлімдеме жасау мүмкіндігін асыға күтіп жүрмін. Өздеріңіз білетіндей, әзірге өте ерте. Бірақ мен бұл туралы мәлімдеме жасаған кезде адамдар өте қатты бақытты болады деп ойлаймын", - дейді Трамп.

Еске сала кетсек, Дональд Трамп АҚШ президенттігінен кеткеннен кейін алғаш рет халық алдына шығып, сөз сөйлеген еді.

Трамп жақын тұрған шекара дағдарысынан бастап, сыртқы саясатқа дейінгі мәселелер бойынша сөз қозғап, Байденге наразылық білдірді.

"Джо Байден заманауи тарихтағы барлық президенттердің ішіндегі ең апатты бірінші айды басынан өткерді",– деп Трамп жаңа әкімшілікті "жұмысшыға қарсы, жанұяға қарсы, шекараға қарсы, энергетикаға қарсы, әйелге қарсы және ғылымға қарсы" деп атады.

Ол сонымен қатар Байденді мектептерді қайта ашпады деп айыптады, Байден бұған уәде бергенін айтты.

"Джо Байден америкалық жастарға ұятсыздықпен сатқындық жасады және біздің балаларымызды еш себепсіз үйде қамап отыр", – деді Трамп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912487-adamdar-baqytty-bolady-donald-tramp-mausym-aiynda-miting-otkizbek/