Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыстан шығарған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Сайранбек Бармақов
Сайранбек Бармақов. Фото: ҚР ИИДМ

Өткен айда президенттің тапсырмасы бойынша жол құрылысы мен жөндеу саласындағы бақылауды әлсіреткені үшін қызметінен босатылған көлік жолдары комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақов жаңа лауазымға ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін шенеуніктің жұмыстан босатылғаннан кейін 3 күн өткен соң жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат БАҚ назарын аударған еді.

Бармақов автокөлік жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаннан кейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне кіріскені туралы хабарланған болатын.

Кейінірек индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл хабарламаны түсінбеушілік деп атады.

"Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасы тағайындалғаны туралы жаңалықтарға қатысты түсініспеушілік туындады. Кешірім сұраймыз.

Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалмады. Бұл жұмыс орны бос", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Бүгін Бармақовтың жаңа қызметке ие болғаны белгілі болды. Жаңа қызметі де жол саласына байланысты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Сайранбек Бармақовтың Жол активтері сапасы ұлттық орталығы бас директорының орынбасары болып тағайындалғанын растады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірде мемлекет басшысы баспасөз хатшысы Берік Уәли Сайранбек Бармақов Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен жөнделуі кезінде бақылауды әлсіреткені үшін" қызметінен босатылғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912560-toqaev-zumystan-sygargan-seneunik-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel