Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Нысанбаев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Ерлан Нысанбаев
Ерлан Нысанбаев. Фото: primeminister.kz

Ерлан Нысанбаев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды primeminister.kz.

"Үкіметтің қаулысымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.

Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2019 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Әлия Шалабекова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913603-erlan-nysanbaev-ekologiya-geologiya-zane-tabigi-resurstar-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel