Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев досымен түскен суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен түскен суреттерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы суреттерді Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияап, "Досым Эмомалимен бірге" деген жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, он тоғызыншы мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбе қаласына екі күндік сапармен барған еді.

Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары.

Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон бірлескен мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913611-toqaev-aleumettik-zelidegi-paraqsasynda-dosymen-tusken-suretin-zariyalady-foto/

pixel