Тоқаевтың Тәжікстанға жасаған ресми сапарының видеосы жарияланды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша бейнеролик жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеоны Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеді.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша бейнеролик", деді Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, он тоғызыншы мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Душанбе қаласына екі күндік сапармен барған еді.
Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары.
Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон бірлескен мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913698-toqaevtyn-tazikstanga-zasagan-resmi-saparynyn-videosy-zariyalandy/