Әкімдерді сайлау, республикалық бюджет: Президент бірқатар заңға қол қойды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда.
Президент бүгін, 25 мамырда:
- "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1914198-prezident-birqatar-zanga-qol-qoidy/