Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанмен шекаралас екі ауыл ресми түрде Түркістан облысына қосылды

Опубликовано:

Бағыс
Фото: Dilyara Isa/RFE/RL

Өзбекстанмен шекаралас Бағыс және Хиебон елдімекендері Түркістан облысына ресми түрде қосылды. Үкіметтің тиісті қаулысы Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

Үкіметтің 17 мамырдағы №326 қаулысына сәйкес, Бағыс және Хиебон елдімекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілетін болды.

Осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау Түркістан облысының әкімдігіне тапсырылып отыр.

"Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген премьер-министрдің ресми сайтында.

Еске салсақ, бұған дейін ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары Біләл Чакыджы Түркістан қаласында тұңғыш перзидент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынғанын жазған едік.

Бұл туралы ғалым "Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: интеграция және ынтымақтастық перспективалары" атты онлайн жиында мәлімдеді. Біләл Чакыджы аталмыш идея түркі әлемінің дана ақсақалына деген ерекше құрметінен туындағанын алға тартқан.

Одан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдағанын жазған едік.

Қазақстан президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты қабылданған шаралар, өңірдегі коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1914313-ozbekstanmen-sekaralas-eki-auyl-resmi-turde-turkistan-oblysyna-qosyldy/

pixel