Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Мәми мемлекет басшысына есеп берді

Опубликовано:

Қайрат Мами
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Президентке Конституциялық кеңестің алдағы парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасайтын кезекті жолдауына дайындық барысы баяндалды.

Конституциялық кеңес төрағасының айтуынша, аталған маңызды құжатта конституциялық іс жүргізу практикасы қорытындыланады.

Қазіргі заңнамада және оны қолдану тәжірибесінде конституциялық нормалардың іске асырылуы, Конституциялық Кеңес шешімдерінің орындалуына баға беріледі.

Сонымен қатар, кездесуде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері қаралған.

Қайрат Мәми биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатынын және Конституциялық кеңес республикадағы заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Конституцияның Қазақстан мемлекеттілігі мен ел жетістігінің негізі болып табылатынын айтты.

Осы орайда, Конституциялық Кеңестің қызметі Ата Заң ережелерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының міндетті шарты екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915521-qairat-mami-toqaevaqa-esep-berdi/

pixel