Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

ФОТО
Фото: Жансая Әбдімәліктің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы қыз Жансая Әбдімәлікті халықаралық жарыстағы кезекті жеңісімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.
Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз", - деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына ұсынылған депутаттар бекітілген болатын. Олардың арасында шахматшы Жансая Әбдімәлік, кәсіпкер Арманжан Байтасов пен Қайрат Құдайберген және олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915685-prezident-zansaya-abdimalikti-fide-gran-priindegi-zenisimen-quttyqtady/

pixel