RU

Түркияға тікелей әуе рейстері көбейе ме: Министр пікір білдірді

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияға тікелей әуе рейстері артатынын мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

Министр халыққа есеп беру кездесуінде Түркиямен әуе қатынасы мәселесін талқылағанын жеткізді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Түркиямен әуе қатынасында 12 дәстүрлі бағыт бар.

Олар:

  • Нұр-Сұлтан-Стамбул,
  • Алматы-Стамбул,
  • Түркістан-Стамбул, Шымкент-Стамбул,
  • Алматы-Анталья.

"20 бағдар қысқарды. Жаз маусымы басталғаннан кейін қазақстандықтардың көпшілігі Түркияға демалуға барады. Осыны ескере отырып, ведомствоаралық комиссияға, Түркия Республикасындағы тиісті органдардағы әріптестерімізге өтінім бердік, мәселе пысықталып жатыр", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта Түркиямен арадағы әуе қатынастары кеңейтілуі мүмкін жасырмады.

"Меніңше, таяу уақытта біз рейстердің санын ең бірінші кезекте Антальяға кеңейтетін боламыз. Маусым айынан бастап-ақ азаматтарымыз сапарлай алуы үшін Антальяға өтінім беріп қойдық. Мәселе бір аптаның ішінде пысықталып, кеңейтіледі деп ойлаймын", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915692-turkiyaga-tikelei-aue-reisteri-kobeie-me-ministr-pikir-bildirdi/