Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаева алғашқы кітабы қашан жарық көретінін хабарлады

Опубликовано:

Әлия
Фото: Әлия Назарбаеваның әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева кітап жазып жатыр. Шығармала автордың өміріндегі оқиғалар мен балалық шақтағы естеліктер топтастырылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының кенже қызы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Бір уақыттарда сіздерден кітап жазғыңыз келе ме деген сауалдар жиі келді.

Ең қызығы, пандемия кезінде алғашқы кітабымның тарауларын жаза бастадым және менің осы әрекетім желідегі оқырмандарымның ойымен үйлескен секілді. Оның үстіне өзім мұндай сәйкестікке сенемін, бұны кездейсоқ емес деп санаймын.

Кітап "Место силы" деп аталады. Біраз жылдар бойы өзім іздеп тапқан, өміріме енген рухани білімімді оқырмандарыммен бөлісемін. Өмірде болған оқиғалармен, балалық шақтағы жылы естеліктермен бөлісіп, көп дүниені түсінікті тілде жеткіземін.

Жазда әлеуметтік желілерде #MestSily хэштегімен бірнеше үзінділер оқи аласыздар, ал иллюстрацияға айналатын бұрын жарияланбаған фотосуреттерді тек кітаптың өзінен көруге болады.

"Место силы" кітабы 2021 жылдың қыркүйегінде шығады деп жоспарланып отыр.

Мен оқырмандарым мен жаңа достарымнан түсіністік табамын деп сенемін. Басқа мәліметтерді сәл кейінірек айтатын боламын", - деді Әлия Назарбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915739-aliya-nazarbaeva-algasqy-kitaby-qasan-zaryq-koretinin-xabarlady/

pixel